Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалды.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде мәлімдеген.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Ота Ұлттық кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен жасалды.», - деп жазған Айдос Үкібай.