«Ноттингем Форест» 23 жылдық үзілістен кейін АПЛ-ға қайта оралды

Ағылшындық «Ноттингем Форест» клубы 23 жылдық үзілістен кейін АПЛ-ға қайта оралып, 2022/23 маусымына жолдама алды.
Стив Купер шәкірттері Премьер-Лигаға жолдама плей-офф финалында «Хаддерсфилд» клубын 1:0 есебімен ұтты.
Осылайша, «Форест» клубы 1999 жылдан бері алғаш рет Премьер-лигада өнер көрсетеді. Бұған дейін «Фулхэм» мен «Борнмут» клубтары АПЛ жолдамасына болған. «Бернли», «Уотфорд» және «Норвич» клубтары 2021/22 маусым қорытындысы бойынша Чемпионшипке қайтты.
1865 жылы негізі қаланған «Ноттингем Форест» клубы 1977/78 маусымда Англия чемпионы және екі рет Еуропа чемпиондары кубогын жеңіп алған (1979, 1980).