English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Нодирбек Абдусатторов Фишер шахматы бойынша ӘЧ-да 4-ші орынды иеленді
11:47 / 2022-10-31

Өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусатторов Исландияның Рейкьявик қаласында өткен «World Fischer Random Chess Championship 2022» турнирінде 4-ші орынға ие болды.

Жүлде қоры 400 мың долларды құрайтын чемпионатта Нодирбек Абдусатторов 3-орын үшін өткен кездесуде әлемнің 1-ші нөмірлі гроссмейстері норвегиялық Магнус Карлсенге қарсы ойнап, 1:3 есебімен жол берді. 

Осылайша әлемнің үздік 8 шахматшы қатысқан жарысты Нодирбек Абдусатторов 4-орынмен аяқтады.

Финалда американдық Хираку Накамура ресейлік Ян Непомняшийді ұтып Фишер шахматынан әлем чемпионы атанды.

Атаулы турнирде 4-орын иегері атанған 18 жастағы Нодирбек Абдусатторов 40 мың АҚШ доллар ақшалай сыйақы алды.