
29 қаңтар күні Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласында көпқабатты үйде жарылыс болып, салдарынан 5 адам қаза тапты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға жергілікті сағат 16:15 шамасында қаланың «Темір жол» 22-шағын ауданында орналасқан 4-қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің бірінде газ бен ауа араласуы салдарынан жарылыс болды.
Хабарда айтылуынша пайда болған кинетикалық әсердің нәтижесінде құрылыс құрылымдары ішінара зақымдалған.
«30 қаңтарда сағат 02:30-да Төтенше жағдай құтқарушылары түрлі дәрежедегі жарақаттармен үйінді астында қалған 5 жасар қызды шығарып, білікті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жіберді. 30 минуттан кейін ғимарат құрылыстарының арасынан бір азаматтың мәйіті табылды.
Таңертең үйінді астынан тағы 4 азаматтың мәйіті табылып, қаза тапқандардың жалпы саны 5 адамға жетті», делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілігімен оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасуда және осы жағдайға байланысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.