Нигерия әскерилері елдің солтүстігінде қарақшылардан 30 адамды құтқарды

Нигерия әскерилері елдің солтүстігіндегі Кадуна штатында қарақшылардың шабуылын тойтарып, 30 адамды ұрланудан құтқарды.
Армияның ресми өкілі Муса Яхаяның айтуынша, бейсенбі күні армия патрульі Бирнин-Гвари жергілікті өзін-өзі басқару аймағындағы Манини ауылының маңында қарулы адамдармен тоғысқан. Онда қарақшылар адамдарды кепілге алуды көздеген.
Әскерилер «қылмыскерлерді тәртіпсіз шегінуге мәжбүрлеп», азаматтарды құтқарды, деген М.Яхая.
Сондай-ақ сарбаздар қарақшылар иелеп алған екі мотоциклді бейбіт тұрғындарға қайтарып, жолда еркін жүруді қамтамасыз еткен және құтқарылғандар қауіпсіз жерге жеткізіоген.
Қарулы шабуылдар Нигерияның кейбір аймақтарында қауіпсіздікке үлкен қатер болып табылады. Кейінгі уақытта кісі өлтіру мен адам ұрлау фактілері жиілеген.