English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Непал тауларында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
10:05 / 2022-05-30

Непал тауларында 22 адамы бар Tara Air жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Asian News International басылымының дерегінше, ұшақта төрт үндістандық, екі неміс азаматы және 16 непалдық (оның ішінде үш экипаж мүшесі, жеті жолаушы әйел) болған.

Tara Air ұшағы Катмандудан батысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан туристік Покхара қаласынан туристер мен зияратшылар үшін танымал шағын Джомсом қаласына ұшып шыққан.

Ұшақ межелі жерге қонуға бес минут қалғанда басқару жүесімен байланысын үзген. Ұшақ жоғалған аймақ Гималайдағы Дхаулагири тау жотасының маңында орналасқан.

Ұшақтың шамамен орналасқан жері көшкін астында Ламче өзенінің сағасында орналасқан. Алайда әуе көлігінің жағдайы, сондай-ақ апаттан аман қалғандар бар-жоғы әзірге белгісіз.