English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әндіжанда хайуанаттар бағының қызметкері аю шабуылынан қаза тапты
17:27 / 2023-01-06

Әндіжанда хайуанаттар бағының қызметкері аю шабуылы салдарынан қаза тапты.

Облыстық ІІБ Ақпараттық қызметінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтар күні сағат 16:00-де Ходжаабад ауданындағы «Усманабад Файзи» ЖШС қарасты «Әндіжан хайуанаттар бағында» болған.

«Зоопарк жұмысшысы А.Г. есімді азамат хайуанаттар бағындағы аюды тамақтандыру үшін оның торына кірген уақытта, аю шабуылдап оның мойн тұсынан тістеп алған. Азамат жабайы хайуанның шабуылынан жарақат алып оқиға орнында қаза тапқан», делінген хабарламада.

Бұл жағдайды Ходжаабад аудандық ІІБ тиісті түрде тіркеп, оқиға орнын аудандық ІІБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізген.

Азамат А.Г. алған жарақатының ауырлығын және оның өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, қазіргі уақытта аудандық ІІБ тергеу тобы бұл жағдайға байланысты тергеу жүргізуде.