Үндістанда Xiaomi компаниясының 725 миллион доллары тәркіленді

Үндістан үкіметі Xiaomi компаниясының 725 миллион доллар активтерін тәркіледі.
Бұл туралы елдің қаржылық қылмысқа қарсы күрес басқармасы хабарлап, бұл жағдайға себеп ретінде компания шетелге заңсыз ақша аударымдарын жасағанын көрсеткен.
Басқарма компанияның қызметіне аудитті 2021 жылдың ақпанында бастаған болатын. Тергеу деректеріне сәйкес, Xiaomi India еншілес кәсіпорны үш шетелдік ұйымға ақшаны заңсыз аударған.
«Мұндай қомақты қаржы Қытайдағы бас компанияның нұсқауымен аударылған», - делінген басқарма хабарламасында.