English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әндіжанда Варшава менеджмент университетінің филиалы ашылады
10:56 / 2020-10-30

Бұл жөнінде Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камилов пен Польшаның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петр Ивашкевич арасындағы кездесуде мәлім болды


Өзбекстанның Әндіжан қаласында Варшава менеджмент университетінің филиалы ашылатын болады. Бұл жөнінде Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камилов пен Польшаның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петр Ивашкевич арасындағы кездесуде мәлім болды.

29 қазан күні Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Польшаның Өзбекстандағы өз дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Төтенше және Өкілетті Елшісі Петр Ивашкевичті қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан – Польша арасындағы көпжақты қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, бұл байланыстар соңғы жылдарда айтарлықтай жандана бастағаны және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қарым-қатынастардың негізгі бағыты екендігі атап өтілді. Пандемияға қарамастан, Өзбекстанның ауылшаруашылық өнімдерін Польшаға экспорты есебінен тауар айналымы 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға өсті.

Сонымен қатар, сұхбат барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға, атап айтқанда білім беру саласындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі екендіктері айтылып, қазіргі уақытта Әндіжанда Варшава менеджмент университетінің филиалын ашу жобасы жүзеге асырылып жатқандығы атап өтілді.