English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Үндістанның ең екі ірі ритейлері бірігуін жариялады
10:22 / 2020-08-31

Үндістан нарығының ең ірі сауда көшбасшысы «Reliance Industries» елдегі екінші сауда капиталы «Future Group» бизнесін сатып алғанын жариялады


Үндістан нарығының ең ірі сауда көшбасшысы «Reliance Industries» елдегі екінші орындағы «Future Group» бизнесін сатып алғанын жариялады.

Азияның ең бай кәсіпкері Мукеш Амбаниге тиесілі бұл бизнес капиталы «Future Group» бизнесін сатып алуға 3,4 млрд доллар жұмсаған. Соның негізінде «Reliance Industries» кәсіпкерлік ауқымы кеңейіп мемлекеттегі сауда дүкендерінің үштен біріне иелік ететін болды. Осы келісім аясында «Future Group» өзінің 2,2 млрд-тық қарызынан құтылған.

«Future Group» миллиардер Кишор Бийани иелігіндегі елдің екінші сауда бизнесі болған. Оның құрамында 10-нан астам брендті дүкендер желісі қызмет көрсетеді. Енді бұл дүкендер желісі толықтай «Reliance Industries» бизнес құрамына өтті.