English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманган-Ташкент бағытындағы жол бойындағы көлік апатынан 5 кісі қаза тапты
16:20 / 2021-05-24

2021 жыл 24 мамыр сағат 09:30-да Ташкент облысындағы Ангрен қаласы арқылы өтетін А-373 тас жолдың 184-ші шақырымында «Наманган-Ташкент» бағытында жүріп келе жатқан MAN жүк көлігі басқаруды жоғалтып, көлік аударылған.

ТЖМ-нің хабарлауынша аударылған жүк көлігі теміржол қиылысына жетпей тұрып қалған. Нәтижесінде 7 көліктің  («Lacetti», «Cobalt», «Jentra», «Nexia-3», «Matiz», «Nexia-3» және маркалы көліктердің) соқтығысуы болды. Апат салдарынан сондағы бір «Lacetti» автокөлігі өртке оранған.

Жол көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам түрлі деңгейде жарақат алғаны айтылады.

Жарақат алғандар Ангрен қалалық медициналық қауымдастығына жатқызылып, азаматтардың аты-жөні нақтылануда.

Оқиға орнына Ташкент облысы ТЖБ және Ангрен қалалық ішкі істер басқармасы, ІІМ, прокуратура және ДСБ қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы келген. Қазіргі кезде алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.