English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманган – Шарджа бағыты бойынша әуе рейсі ашылды
10:43 / 2022-11-29

28 қараша күні Наманган – Шарджа бағыты бойынша алғашқы әуе рейсі жасалды.

«Uzbekistan Airports» хабарлауынша, осы бақыт бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia» әуе компаниясы А-320 ұшақтарында тұрақты рейстерді орындайтын болады. Ұшулар аптасына үш рет жүзеге асырылады – Наманганнан рейстер дүйсенбі, жұма және жексенбі күндеріне жоспарланған.

Наманган – Шарджа бағыты бойынша алғашқы әуе рейсінің орындалу қарсаңында салтанатты шара өтіп, оған Наманган әуежайы мен «Air Arabia» әуе компаниясының өкілдері қатысты. Шарада дәстүр бойынша символдық қызыл лента қиылған соң, 170 жолаушыға арналған алғашқы рейске тіркелу басталды. 

«Air Arabia» – штаб-пәтері Шарджада (БАӘ) орналасқан арзан авиакомпания болып, Шарджа мен Александрия әуежайынан, сондай-ақ Мароккодағы төрт әуежайдан Таяу Шығысқа, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға, ТМД елдеріне және басқа елдерге жолаушылар тасымалымен айналысады.