English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Наманган қаласында «Namangan Flowers-2021» дәстүрлі гүлдер фестивалі басталды
11:57 / 2021-05-24

Наманган қаласында «Namangan Flowers-2021» дәстүрлі гүлдер фестивалі басталд23 мамырда Өзбекстанның Наманган қаласында «Namangan Flowers-2021» дәстүрлі халықаралық гүлдер фестивалінің мейрейтойлы шарасы басталды.

60-шы реткі ұйымдастырылған халықаралық гүлдер фестивалінің мерейтойлы шарасы қаладағы Захириддин Мұхаммед Бабыр атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтіп, онда 10 миллион түп гүл көшеттері отырғызылды.

1961 жылдан бастау аған мәдени шарада, түрлі гүлдермен безендірілген 200-ге жуық автокеруен парады және эстрада жұлдыздары қатысуында гала-концерттік қойылымдар өтеді.

Наманганның халықаралық брендіне айналған гүлдер фестиваліне Орталық Азиядан және басқа да шет елдерден қонақтар қатысуда.

Фестивалдің мәдени бағдарламасы көптеген ойын-сауық шараларын қамтиды. Қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі, фотокөрме, ұлттық киім дефилесі және басқа байқаулар ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивал қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болады.

«Namangan Flowers-2021» халықаралық гүлдер фестивалі 31 мамырға дейін жалғасады.