
Мысырда 4300 жыл бұрын саркофагтан алтын жапырақпен қапталған мумия табылды.
ВВС-дің хабарлауынша, Хекашепес есімді адамның мумияланған қалдықтары Мысырдағы ең көне патшалық отбасына жатпайтын денелердің бірі. Ол Каирдің оңтүстігіндегі Саккара қаласының зиратынан табылған. Бейіт 15 метр тереңде орналасқан.
Сондай-ақ бейіт жанынан тағы 3 қарапайым кесене табылған. Кесенелердің ең үлкені дін қызметкері және дворяндардың бақылаушысы Хнумджедеф есімді адамға тиесілі екені анықталды. Тағы біреуі Мэри есімді адамға тиесілі екені белгілі болды, ол поппон деген лауазымды сот қызметкері болған. Үшінші кесенеде жазушылық қызмет атқарған амалор Фетек деген қазы жерленген деген болжам айтылады хабарламада.
Мысырдың бұрынғы көне жәдігерлер министрі, археолог Захи Хавастың айтуынша барлық қабірлер біздің дәуірімізге дейінгі XXV-XXII ғасырларға тиесілі.