Молдовадағы Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі бойынша жұмыс басталды

Украинадан Молдоваға өткен Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі бойынша жұмыс басталды.
СІМ ресми өкілінің мәліметінше, 28 ақпаннан 8 наурызға дейін арнайы 21 әуе рейс ұйымдастырылып жалпы 4 787 өзбекстандық елге әкелінді.
«Сонымен бірге Молдова Республикасының аумағында болып тұрған Өзбекстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі бойынша жұмыс басталды», - делінген хабарламада.
8 наурыз күні тағы екі рейс жоспарланғаны айтылған.