
Метеорологтар 2023 жылдың жазы 2022 жылдың жазынан да ыстық болады деп болжауда.
Ұлыбританияның Met Office ауа райын болжау орталығының мәліметі бойынша, 2023 жылдың сәуірінен бастап «Тынық мұхитының орталық бөлігінде шамамен 3 жылға созылған «Ла Нино» оқиғасының орнын Эль-Нино» оқиғасы жалғастыруы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.
Бұл жағдайда су массасының температурасы орта есеппен 1-3 градусқа дейін қызады. Бұл жылыну Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың тропикалық аймақтарындағы циклондардың әрекетін жылдамдатады. Солтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай аймақтарында аномальды ыстық толқындар мен ұзаққа созылған құрғақшылық қаупі артады.
Сонымен қатар, Met Office климаттық орталығы 2023 жылы орташа жылдық температура климаттық нормадан 1,08 және 1,32 градус аралығында болады деп болжаған. Жер шарындағы жылдық ауа температурасы климаттық нормадан 1,3 және одан да жоғары болып байқалса, биылғы температура бақылаулар тарихындағы ең ыстығы болмақ.