English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси «Манчестер Сити» клубына өтпек
15:00 / 2020-07-04

«Cadena SER» радиосы Лионель Мессиді 2021 жыл «Барселона» клубынан кететіні жайлы айтты


«Барселона» клубы және Агентина құрама командасының шабуылшысы Лионель Месси жасыл алаңдағы мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін.

Кеше ғана Испанияның «Cadena SER» радиосы Лионель Мессиді 2021 жыл «Барселона» клубынан кететіні жайлы айтып еді. Ал осы хабардан кейін аргентиналық Кристиан өзінің Каталониядағы және Англиядағы сенімді деректеріне сүйене тұрып, Мессиді «Манчестер Сити» клубына өтуі әбден мүмкіндігі жайлы айтқан.

Мартинның сөзінше Месси «Барселонадан» кететін болса, «Манчестер Ситимен» келісімшартқа отыра алады. Бір қызығы, «Қалалықтар» құрамында Месси Барселонада бірге жұмыс істеген Хосеп Гвардиоламен қайта жұмысты жалғастыра алады, деген.

«Cadena SER» радиосы таратқан кешегі ақпаратта Месси клубтағы кейбір орынсыз жағдайларға наразы екенін айтып, команданың жүлделер ұтуға деген жақсы жобасының болмауын сынға алған.