Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысымен (No270, 19.05.2022 ж.) Шукуров Собир Сайфиевич «Руханият және мемлекеттік тілді дамыту» басқармасының басшысы болып тағайындалды.
С.Шукуров бұған дейін Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі – «ӨзА» бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы, Министрлер Кабинеті, Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.