
Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 28 жыл толуына орай, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев елде жүргізіп отырған гуманистік саясаттың практикалық растамасы ретінде «Бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан, іс-әрекеттеріне шын өкінген және қалпына келу жолына нық қадам басқан азаматтар тобын кешіру туралы» жарлыққа қол қойды.
Кешірім жасалғандардың 13-і шетел азаматтары, 9-ы 60 жастан асқан, 1-і әйел және 21-і тыйым салынған ұйымдардың мүшелері.
Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабы, 23-тармағына сәйкес қылмыс жасағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, өз іс-әрекеттеріне шын өкініп, қалпына келу жолына нық қадам басқан 104 азамат кешірілді.
Кешірім жасағандардың 6-ы негізгі жазадан толық босатылды, 50-і шартты түрде босатылды, 17-сі жеңілірек жазаға ауыстырылды. 41 азаматқа тағайындаған бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.
Қаулыға орай, тиісті министрліктер мен ведомстволарға кешірім берілгендерді отбасыларына және туыстарына қайтару, олардың қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу тапсырылды.