
22 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзиёев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Өзбекстанда халықтың денсаулығын жақсартуға, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген әлеуметтік және аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, соңғы алты жылда ауыз су саласына мемлекеттік бюджеттен 14 триллион 500 миллиард сум, немесе өткен кезеңмен салыстырғанда 6 есе көп қаржы бөлінді. 31 мың шақырым ауыз су және кәріз желілері тартылып, 1200 су құрылыстары салынып, жөнделді. Осы жұмыстардың нәтижесінде мың аудандағы 6,5 миллион адамның үйіне алғаш рет таза ауыз су кірді.

Дегенмен, әлі де болса 30 аудан мен 1400 махаллада ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту қажет. Оларға таза судың көзін табу керек.
Көп жағдайда су ысырап болып, тұтынудың нақты есебі жоқ. Салалық кәсіпорындарға тиесілі кейбір сорғылар, арнайы техникалар ескірген.

Бүгінгі жиында осындай мәселелер талқыланып, қажетті шаралар белгіленді.
«Узсувтаминот» акционерлік қоғамына биылғы жылдың соңына дейін 12 мың шақырым желі мен 1300 су шаруашылығы нысандарын салу және жөндеу міндеті жүктелді. Осының арқасында 145 махалланың 1 миллион 100 мың тұрғыны алғаш рет орталықтандырылған ауыз суды пайдаланады, ал 2 мың ауданда су құбыры жақсарады.

Облыс әкімдеріне халық депутаттарымен бірлесе келер жылдың бағдарламасын жасап, оны үкімет қаулысына енгізу тапсырылды. Сумен қамтамасыз етілу деңгейі төмен 30 ауданға ерекше назар аудару керектігі баса айтылды.
«Қошработ» ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, Бұхара және Жызақ қалаларындағы ағынды суларды, «Гүлістан», «Янгиер» және «Ширин» қалаларының кәріз жүйелерін қайта жаңғырту сияқты жобаларды жүзеге асыру қарастырылды.

Бұхарадағы жұмыстардың құны оңтайландырылғаны осыған мысал болады. Атап айтқанда, Бұхара қаласының кәріз жүйесін тазарту және қайта жаңғырту бойынша 281 миллион долларлық жобаның 75 миллион доллары үнемделді. Бұл қаржыға тағы 1150 шақырым су, 117 шақырым кәріз желісін салуға болады.
Мұндай жобалардың шығынын оңтайландыру, үнемделген қаржыны сол ауданды сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жақсартуға бағыттау маңызды екені айтылды.
Шенеуніктерге және облыс әкімдеріне тағы 24 перспективалы жобаның техникалық-экономикалық аспектілері бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ су сорғыларын энергияны үнемдейтін сорғыларға ауыстыру, сала кәсіпорындарын қаржылық тұрақтандыру шаралары белгіленді.