Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтып жеделхат жолдады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Түркияның оңтүстік-шығысындағы аймақтарда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың қаза тауып, ауыр жарақат алғанына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.
«Бауырлас Түркия басшысы мен халқына қайғыларына ортақтаса көңіл айта отырып, Мемлекет басшысы марқұмның отбасы мүшелері мен туған-туыстарына көңіл айтты және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі», делінген хабарламада.