English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ташкент метрополитеннің жаңа станцияларын аралады
23:18 / 2023-08-29

Ташкент қаласының қоғамдық көліктерінде метрополитеннің алатын орны өте ерекше. Оның қамту аясын кеңейту мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «Жерүсті» метрополитені құрылды.

Өткен жылдары осы алып жобаның бірінші кезеңі мен Сіргелі бағыты ашылды. Биыл екінші кезең – Қойлықтан Сіргеліге дейінгі жерүсті метросы аяқталды.

Президент осы көлік нысанын аралап, жұртшылықпен бірге метрода бірге жүрді.

– Біз бұл жобаны 2017 жылы бастағанда сенбегендер де болды. Міне, Құдайға шүкір, жерасты және жерүсіт метро желілері қосылып, сақинаға айналды. Рас, қиын болды. Бірақ бұл халқымызға қызмет етіп, тарихта қалатын жол. Халқымыз, балаларымыз осыны ұстанып, мемлекет мақұлдаса, біз мақсатымызға жеткен боламыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

Осы екінші кезең аясында 12 шақырым эстакадалық жол мен 7 станция салынды. Бұл қашықтықта жүру уақыты 15 минутты құрайды. Бір күнде 40 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.

Жалпы, бүгінде Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асты. Оның 38 шақырымы 1977 жылдан кейін салынса, соңғы 7 жылда 32 шақырым метро жолы салынды. Станциялардың саны 50-ге жетті. Метродағы күнделікті жолаушылар саны 750 мыңға жетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ биыл Ташкент қаласына мың автобус әкелінді. Нәтижесінде күніне 1 миллион 400 мыңға дейін жолаушы қоғамдық көлікті пайдаланады. Бұл жеке көліктерге деген қажеттілікті және сайып келгенде, көшелердегі кептелісті азайтудың маңызды факторы.