English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Бас хатшысын қабылдады
21:14 / 2022-05-16

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 мамырда Өзбекстанға сапармен келген Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минді қабылдады.

ШЫҰ аясында практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және өңірлік әріптестікті нығайту, сондай-ақ Өзбекстанның Ұйымға төрағалығының негізгі іс-шараларына дайындық мәселелері қаралды.

Биылғы жылға жоспарланған кездесулер мен жиындардың тең жартысы ойдағыдай өткені атап өтілді. Самарқандта алдағы ШЫҰ саммитінің құжаттарын келісу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Ұйымның тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлермен күресудегі әлеуетін күшейту, «Шанхай рухы» қағидаттары негізінде көпжақты ынтымақтастықты тереңдету қажет екені атап өтілді.

Көлік саласындағы өзара тәуелділік, «жасыл» энергетика, инновациялар, цифрлық экономика, өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Пандемиядан кейінгі кезеңде белсенді мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туристік алмасуды қалпына келтіру қажеттігі туралы пікір айтылды.

Кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды. ШЫҰ-ның Ауғанстандағы рөлін арттырып, елді инфрақұрылымды дамытудың өңірлік бағдарламаларына белсенді түрде тарту керектігі сөз болды.