English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы «Шейіттер аллеясы» мемориалына барды
12:23 / 2020-08-31

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 31 тамызда Шейіттер аллеясына барды


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 31 тамызда Шейіттер аллеясына барды.

Онда 1937-53 жылдар аралығында саяси қуғын сүргінге ұшырап құрбан болған азаматтар еске алынып шейіттер рухына арналған символикалық қабір қасында Құран оқылып, зиялы қауым өкілдерімен сұхабат өтті.

- Отан жанашырларын еске алып, олар үшін Құран бағыштау жақсы дәстүр. Біздің ағартушы ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін және халқымыздың еркіндігі үшін күрескенін білеміз. Соңғы жылдары бүкіл қоғамның арқауымен олардың атын ақтау және қалпына келтіру, мұражайларды жаңа үлгілермен толтыру, шығармашылық мектептерін құру сынды көптеген жұмыстар атқарылды. Мұның бәрі халқымызға сол күндерді біліп, ешқашан ұмытпауы, бүгінгі күнді бағалай білуі, тарихи әділеттілік пен шындықты адамдарға жеткізу үшін, - деді Шавкат Мирзияев.

Шара аясында коронавирус індетінен қайтыс болған марқұмдар рухына да құран бағышталып, қазргі кезде осы аурумен алысып жатқан отандастарымыздың тезірек сауығып кетуін Аллдан сұрап дұға жасалды.