English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Сеулдегі Ұлттық зиратқа барып, марқұмдар рухына құрмет көрсетті
10:26 / 2021-12-17

Президент Шавкат Мирзияев 17 желтоқсанда Сеулдегі Ұлттық зиратқа барып, марқұмдар рухына құрмет көрсетті.

Мұнда Кореяның тәуелсіздігі үшін күресіп, соғыстарда қаза тапқан азаматтар, елдің дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері жерленген. Сондықтан да бұл орын киелі жер ретінде қастерленеді. Шетелдік басшылардың мұнда келуі корей халқына көрсетілген құрмет саналады.

Шавкат Мирзиеев жұбайымен бірге зират басындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелік жазу қалдырды. Бұл жазу кешен мұражайында сақталады.

Мемлекет басшысы құрметті қонақтар кітабына қол қойды.