
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 1 қазан күні Доха қаласындағы өзіне арналған резиденцияда «Power International Holding» компаниясының басқарма төрағасы Мутаз әл-Хаятты қабылдады.
«Power International» Қатардың ірі ұлттық холдингі болып, әлемнің 19 елінде энергетика, мұнай-химия, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау және туризм салаларында белсенді жұмыс істеп келеді. Ол Таяу Шығыстағы жетекші трансұлттық компаниялардың бірі.

Бүгінде аталмыш серіктестікпен бірлесе отырып, болашақта өңірдегі ең ірі агроөнеркәсіптік кешен болмақ Жызақ облысында заманауи мал шаруашылығы кластері салынуда.

Өзбекстанда жоғары жылдамдықта жүруге арналған автокөлік магистралін салу, аммиак пен карбамид өндірісінің көлемін арттыру, бизнес пен қонақүй инфрақұрылымы, денсаулық сақтау нысандарын салу перспективалы жобалар ретінде қарастырылды.

Қатар тарапы жақын арада холдингтің Өзбекстанда кеңсесін ашатынын хабарлады.