English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Парижде ФАР бас директорын қабылдады
22:35 / 2022-11-21

21 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Францияға жасаған ресми сапары аясында Париж қаласында Франция даму агенттігінің (ФАР) бас директоры Реми Риуді қабылдады.

Өзбекстан мен Францияның даму агенттігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, жаңа перспективалы жобалармен байыту мәселелері талқыланды.

Соңғы кезде өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейіне қол жеткізілгені атап өтілді. Бірлескен жобалардың портфелі 1 миллиард еуроға жетті. Бүгінде ведомствоның қатысуымен инфрақұрылымды, экономика секторларын және әлеуметтік саланы дамытудың маңызды бағдарламалары жүзеге асырылуда.

ФАР басшысы бүгінде Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар бағдарламасының тиімді нәтижелерін атап өтіп, ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен әлеуетін жоғары бағалады.

Сұхбат барысында ең алдымен білім, денсаулық және инфрақұрылым салаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу, энергетика мен көлікте «жасыл» экономикалық жобаларды кеңейту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, қыз-келіншектер мен жастарды оқыту және олардың кәсіпкерлігін қаржыландыру жобаларды ілгерілету сынды басым бағыттар бойынша практикалық серіктестікті тереңдету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Француз компанияларының тікелей инвестицияларын қоса алғанда, аралас әдіспен жобаларды қаржыландыру тетіктерін белсенді пайдалану маңызды екені баса айтылды.

Тараптар қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін «жол картасын» дайындауға келісті.

Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Францияның даму агенттігі арасында ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл» экономика, қалаларды дамыту, сумен жабдықтау, банк және қаржы және көлік салаларында нақты жобаларды жүзеге асыруды көздейтін жалпы құны 1 миллиард еуродан асатын 2025 жылға дейінгі стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасына қол қою рәсімі өтті.