English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы мектеп бітірушілерін құттықтады
21:45 / 2021-05-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев биылғы мектеп бітіруші оқушыларды құттықтады.

Қымбатты балалар! Құрметті мектеп түлектері!

Әуелі баршаңызды бозбала мектеп жылдарын артқа тастап, қадірлі мектебіңіз, мейірбан ұстаздарыңызбен қоштасып, өміріңіздің жаңа, жауапты кезеңіне қадам басуыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Осынау қуанышты мерекеде еліміздің барлық мектептерінде «соңғы қоңырау» сыңғыры естіліп, 438 мыңға жуық оқушы мектеп бітіргендік аттестатын алуда.

Бұл тек сіз үшін емес, бәлкім біз - ата-аналар мұғалімдер үшін де өте қуанышты және қызықты оқиға.

Сіздер соңғы екі жыл ішінде пандемиялық ортада оқып әрі өмір сүріп, қиындықтарды жеңу дағдыларын игеруді білуге тура келді. Әрине, бұл күрделі сынақ күндері көп ұзамай өткенге айналады.

Мен Өзбекстанның жаңа жағдайында заманауи даму талаптарына сай білім алған жас буын өкілдері ретінде сіздердің барлығыңыз мемлекетіміз бен халқымыз жасаған мүмкіндіктерді бағалап, оларды тиімді пайдаланатындарыңызға сенімдімін.

Құрметті ұл-қыздар!

Баршаңызға белгілі, біз алдымызға үлкен мақсаттар қойып, оларға жетудің маңызды факторы ретінде білімге үлкен мән берудеміз.

Қысқа мерзім ішінде мектепке дейінгі білім беру, жоғары және арнайы орта білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. «Жаңа Өзбекстан – мектеп баспалдағынан басталады» атты ұранымен мектептегі білім беруді дамыту жалпыхалықтық қозғалысқа айналды.

Осы орайда, соңғы төрт жылда 134 жаңа мектеп салынып, 2 965 мектеп қайта жаңартылды, күрделі жөндеуден өтті және жабдықталғанын атап өткен жөн.

Елімізде мүлдем жаңа мазмұн мен формадағы заманауи Президент мектептері, шығармашылық және мамандандырылған мектептер салынуда. 

Қазіргі кезде республикада 10 мыңнан астам мемлекеттік мектеп, 171 мемлекеттік емес және 18 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мектебі жұмыс істейді. Атап айтқанда, 56 математика 28 химия-биология, 14 ақпараттық технологияға мамандандырылған мектеп бой көтерді.

Ең бастысы, осы мектептерде оқитын ұл-қыздарымыз халықаралық ғылыми олимпиадаларда, шығармашылық фестивальдар мен байқауларда жоғары орындарға ие болып, еліміздің және шет елдердегі беделді университеттерде білім алу мүмкіндігін иеленуде.

Елімізде құрметке ие мамандық иелері болған мұғалімдер мен тәрбиешілердің еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсарту, қоғамдағы беделін арттыру жолындағы қажырлы еңбегін лайықты көтермелеуге үлкен мән берілуде.

Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, мектеп біліміне арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарының жаңа буын дайындау бойынша практикалық жұмыстар басталды.

Сонымен қатар, еліміз мектептерінде 49 мыңнан, жасөспірімдер спорт мектептерінде 26 мыңға жуық үйірмелерде мыңдаған ұл-қыздар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуда.

Барлық мектептер кең жолақты Интернетке біртіндеп қосылуы және елімізде жалпы 133 цифрлық технологияларды оқыту орталықтарының ашылуы балаларымызда заманауи компьютерлер мен ІТ технологиялар саласындағы білім дағдыларды қалыптастыруға қызмет етіп келеді.

Тағы бір маңызды мәселе - жастар арасында кітап оқу мәдениетін арнайы насихаттау. Соның негізінде 201 ақпараттық-кітапханалық орталықтарда кітаптар саны шамамен 25 миллионға жетіп, өткен жыл мектеп кітапханалары 150 мыңнан астам жаңа кітаптармен қамтылды. Бұл жастарымыздың интеллектуалды және рухани әлеуетін көтеруде маңызды рөл атқарады.

Құрметті жас жолдастар!

Осынау ұмытылмас жаңа өмір баспалдағында тұрған және болашаққа жоспар құратын қымбатты сәттерде алдыңызда үлкен мүмкіндіктер мен міндеттер тұрғандығы бәрімізге белгілі.

Ойлаған мақсаттарыңызға жетуде елімізде жұмыс істейтін 137 университет, 339 кәсіптік-техникалық училищелер, 193 колледж бен 196 техникум сіздер үшін дайын.

2021-2022 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары біртіндеп кадрларды дайындауда қашықтықтан оқыту түрін жолға қояды.

Қазіргі уақытта жастар үшін 5 жоғары оқу орындарындағы конкурсқа қатысу мүмкіндігі бар.

Әзім шаһар Ташкентте әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықта халықаралық стандарттар негізінде бірлесіп  құрылып жатқан «Жаңа Өзбекстан» университеті де сіздерді, биылғы оқу жылынан бастап қабылдай бастайды. 

Құрметті түлектер, қымбатты балаларым!

Сіздерің бақытыңыз бен кемелденуіңізді ойлай, елімізде тағы бір жүйе енгізілуде. Басқаша айтқанда, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктер, сектор басшылары ата-аналар және оқушылармен кездесіп, барлық түлектерге қажетті жағдай жасау бастамасын көтеруде.

Қысқасы, мектепті бітіріп жатқан ұлдарымыздың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Олардың әрқайсысы халқымыздың, Отанымыздың шексіз сүйіспеншілігі мен ықыласын сезіне өмір сүреді.

Осы орайда сіздерге, бүкіл ел жастарына мынаны айтқым келеді: сіздер барлық жағынан еркін, азат және гүлдене өмір сүретін жаңа Өзбекстанның, жаңа Ренессанстың жаратушысы екеніңізді ешқашан ұмытпаңыздар.

Сіздерді тағы бір рет мектептегі біліміңізді сәтті аяқтаумен шын жүректен құттықтаймын.

Барлығыңызға зор денсаулық, жұмыста және оқуда сәттілік, жеке өміріңізде үлкен жетістіктер тілеймін.

Тәуелсіз өмірге алғашқы батыл қадамыңыз берекелі және жемісті болсын!

Мен сіздердің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңізге сенемін!

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасы Президенті