Мемлекет басшысы Корея Президентіне көңіл айту жедел хатын жолдады

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёлға көңіл айтып жедел хат жолдады.
Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Президент Шавкат Мирзияев Сеул қаласы орталығындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёлға көңіл айтып жеделхат жолдады.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, делінген хабарламада.