Президент Шавкат Мирзияев 28 қыркүйекте көлік саласындағы реформаларды жеделдету мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Көлік құралдарының қолайлығы елдің дамуын көрсететін және қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Өзбекстанда саланың инфрақұрылымы жаңарып, жағдайлары кеңейіп, өз нәтижесін беруде.
Атап айтқанда, авиация нарығын ырықтандыруға байланысты соңғы үш жылда Өзбекстанға рейс жасайтын әуе компанияларының саны екі есеге артты. Автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдаудағы жергілікті кәсіпорындардың үлесі 62 пайызға жетті. 300 шақырым темір жол электрлендірілген, 1500 шақырым автомобиль жолы салынды.
Бірақ әлі игерілмей жатқан әлеует, атқарылатын жұмыстар көп. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Стратегиялық реформалар агенттігі саладағы жұмыстың тиімділігін талдау барысында бірқатар мәселелер анықталды.
Мәселен, соңғы үш жылда Өзбекстан экономикасы 16 пайызға өссе, теміржолдағы жүк айналымы 7 пайызға ғана өскен. Авиациядағы бәсекелестік орта толық қалыптаспаған, 10 әуежайдың тиімділігі төмен. Соның нәтижесінде Өзбекстанда халықаралық логистикалық тиімділік индексінде бәсекеге қабілетті бағамен жеткізу жеңілдігі бойынша 160 елдің ішінде 120-шы орынға тұрақтаған.
Кәсіпкерлермен өткен ашық сұхбатта да осы салада көптеген өтініштер болған.
Жиында көлік жүйесіндегі мәселелерді шешу және нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.
– Бұл сала – экономиканың күре тамыры. Көлік-логистиканы жаңа деңгейге көтермесек, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмаймыз, – деді Шавкат Мирзияев.
Отырыста үш бағыт бойынша – теміржол транзитінің мүмкіндігін күрт арттыру, авиацияны ыңғайлы, жылдам және сапалы қызмет көрсетуге айналдыру, халықаралық транзиттік жүктерді тасымалдау үшін заманауи автомобиль жолдары желісін кеңейту шаралары белгіленді.
Стратегиялық реформалар агенттігінің жанынан көлік саласы бойынша арнайы топ құрылып, орынды ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Мемлекет басшысы ең бастысы халыққа жеңілдік жасау екенін қадап айтты.
Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамытуда темір жолдың маңызы зор екені айтылып, бұл жүйенің қуатын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, заманауи электр пойыздарын әкелу, вагондарды жөндеу, жұмыс істемейтін активтерді шығару арқылы жүйені қаржылық тараптан мықты қажет.
Авиация саласында нысандарды ұлғайтып, Бұхара, Хорезм және Ферғана облыстарының әуежайларын дамыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қызмет көрсету сапасын арттыру керек.
Президент тас жолдардың сапасы мен әлеуетіне тоқталды. Бұл саладағы жобалау, құрылыс және бақылау функциялары бір ұйымға шоғырланғаны белгілі. Соның салдарынан көптеген жолдардың сапасы жоқ. Сондықтан жол құрылысына озық стандарттарды енгізу, зертханалық жұмыстарды күшейту, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Көлік инфрақұрылымын кеңейтуге және секторды цифрландыруға бағытталған көптеген міндеттер қойылды.