English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы керамогранит бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның қызметімен танысты
17:39 / 2023-02-02

Президент Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған жұмыс сапарында «Кувасай» қаласындағы «Art soft ceramics» кәсіпорнының қызметімен танысты.

 Өткен жылдың желтоқсан айында жұмысын бастаған кәсіпорын жылына 3 миллион шаршы метрге жуық керамогранит бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда 350 жұмысшы мен маман еңбек етуде.

Жергіліктендіру деңгейі 100 пайызды құрайтындықтан, тауар шетелден әлдеқайда арзан бағамен нарыққа шығарылады. Сондай-ақ оның 35 пайызын Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспорттау жоспарланған.

Мемлекет басшысы кәсіпорында және жалпы «Кувасай» қаласында экспорттық көрсеткіштерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта шетелдік индустриалды аймақтармен ынтымақтастық орнату, жұмыс орындарын көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.