English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы ғылым мен инновацияны дамыту бойынша кеңес өткізді
20:15 / 2020-12-03

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 3 желтоқсанда ғылым мен инновацияны дамыту барысында жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, өндірістер мен аймақтар алдында тұрған басым бағыттарға арналған бейне-конференциялы жиын өтті.

Өзбекстанда ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мұны соңғы төрт жылдағы атқарылған жұмыстардан байқауға болады. Онда 28 ғылыми ұйым мен 4 инновациялық технопарк құрылды. Мемлекет басшысы академиктер және зерттеушілермен бірнеше рет кездесіп, олар көтерген мәселелердің барлығын шешті. Ғалымдардың жалақысы үш есеге көтеріліп, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға үлкен қаражат бөлінді.

Бір сөзбен айтқанда, сала үшін материалдық және ұйымдастырушылық жағынан барлық жағдайлар жасалуда. Алайда, 100-ден астам ғылыми ұйымдардың қызметінде, олар жүргізген зерттеулерде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Дәл осы мәселе бүгінгі жиында сөз болды.

Мәселен, өткен жылы 24 мекеме халықаралық деңгейде танымал журналдарда бірде-бір ғылыми мақала жарияламады. Инновация министрлігі ғылымнан өндіріске дейінгі процестерді өзара байланыстыратын интеграцияланған жүйе мен ортаны құра алмай отыр.

Инновациялық әзірлемелерге бюджеттен бөлінген 100 миллиард сум гранттың бар болғаны 29 миллиардына ғана 51 жоба қамтылған. 

Жиында Президент Шавкат Мирзияев осы жағдайларға көңілі толмайтынын жеткізіп: - Университеттер, ғылыми ұйымдар, желілер мен аймақтар арасындағы диалог қандай? Бұл бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе. Өкінішке орай, байланыс сұранысқа ие емес, - деді.

Селектор жиынында ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі тенденциялары, ғылыми-зерттеу институттарына тапсырыстарды қалыптастыру туралы маңызды бағыттар көрсетілді.

Ғылым жетістіктері химия өнеркәсібі мен мұнай-газ саласы үшін де өте маңызды. Өзбекстанның көп мөлшерде химиялық реагент, полимер және басқа да өнімдердің импорттауы осыған қатысты жағдайды айқын белгісі.

Осыған байланысты шетелдік тәжірибе негізінде мұнай мен табиғи газды терең қайта өңдеу орталығы және қосымша құны жоғары өнімдер шығару орталығын құру міндеті қойылды. Химия өнеркәсібіне қажетті реагенттерге ғылыми-зерттеу институттарына тапсырыс беру және оларды өндіруге гранттар бөлу маңызды екендігі атап өтілді.

Президент Шавкат Мирзияев энергетика саласындағы проблемаларға ерекше назар аударып, бұл салада 3 университет, 2 ғылыми ұйым, ондаған ғалым болғанымен, олардың мәселелерді шешуде орны сезілмей тұрғаны және ірі кәсіпорындарда отын-энергетикалық ресурстардың шығынын талдайтын ғылыми зерттеулер жоқ екенін айтты. 

- Біз бір нәрсені білуіміз керек: ғылымсыз, инновациясыз біз ешқашан мақсатқа жете алмаймыз. Қорытынды үшін емес, нәтиже үшін жұмыс істеу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі жиында, шетелдік клиникалармен бірлесіп Республикалық мамандандырылған хирургия ғылыми-практикалық медициналық орталығында бауыр, бүйрек, жілік трансплантациясыны, ал Республикалық кардиология орталығында жүрекпен байланысты инновациялық операциялар жүргізуі керек екендігі айтылды.

Ғылымды өндіріспен байланыстыру үшін технопарктердің әлеуетін кеңінен пайдалану керек екендігі айтылып, жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттары мен Инновациялық даму министрлігіне тиісті нұсқаулар берілді.