Мемлекет басшысы энергетикалық ресурстарды есепке алу мен бақылаудың онлайн жүйесін құру жөнінде жиын өткізді

Электр энергиясы мен табиғи газды есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін толық енгізуге 1,2 млрд доллар қаржы жұмсалады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14 қыркүйекте электр энергиясы және табиғи газды есепке алу мен бақылауға арналған бейнеконференциялы жиын өтті.
Отырыста электр энергиясы мен табиғи газды есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін толық енгізу мәселелері талқыланып, оған 1,2 млрд доллар қаржы жұмсалатын болды.
- Бұл қаражаттың тиімділігі мен қайтарымы тек есептегіштерді орнату арқылы ғана шешіліп қоймайды. Тұтынушы сарпытаған энергияның мөлшерін білумен жүйедегі шығындар және ұрлықты жағдайды да шектеуге болмайды. Ол үшін «энергия өндіруші - магистральдық желілер - тарату желілері - тұтынушылар» бәрі осы процеске қатысты әрбір тізбекті қамтитын интеграцияланған онлайн жүйе құру қажет », - деді Президент.
Сол үшін осындай есептегіштерді барлық жерде орнату, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұйымдастыру және білікті кадрларды даярлау маңызды екендігі атап өтілді.
Бүгінгі күні шамамен 4 миллион электр есептегіш құралдары орнатылған болып, оның 2 миллионы бірыңғай электронды базаға қосылған. Жыл соңына дейін тағы 3,5 миллион электр есептегіштерін орнату мен қатар оны 2021 жылдың 1 наурызына дейін автоматтандырылған жүйені толығымен іске қосу міндеті қойылды. Ал осы сала мамандарының техникалық құрамы мен IT-мамандары осы заманауи жүйемен жұмыс істеу, оның барлық мүмкіндіктері мен қолайлылықтарын тиімді пайдалану бойынша біліктіліктерін арттыру қажет екендігі айтылып, есептегіштер мен басқа жабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсету жүйесін құру бойынша әр аймаққа тиісті нұсқаулар берілді.