Мемлекет басшысы экспорттық жоспарлар мен инвестициялық жобалардың орындалуы жайлы кеңес өткізді
Жиында Қытай мен Оңтүстік Корея елдерімен арадағы инвестициялық келісімдер талқыланды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 қазанда Қытай Халық Республикасы және Корея Республикасымен сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық жобаларды іске асыруды сыни тұрғыдан қарау, жаңа өсу деңгейін анықтауға арналған кеңес өткізді.
Қытай мен Оңтүстік Корея - Өзбекстанның стратегиялық серіктестері болып табылады. Жоғары деңгейдегі сапарлар барысында екі ел арасында көптеген келісімдерге қол жеткізіліп, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық және басқа салалардағы жобаларды қамтитын «жол картасын» қабылданған.
Бірақ коронавирустық пандемияның салдары барлық елдердің экономикасы үшін күтпеген жағдай болып, карантиндік шектеулер сыртқы сауданың қысқаруына, трафиктің азаюына, инвестициялық жобалардың кешігуіне әкеп соқтыруда.
Мемлекет басшысы 6 қазанда Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Осы сұхбат барысында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жеделдету және қажет болған жағдайда оларды іске асыруға көмектесу, жеңілдетілген несиелерді ұлғайтуға келісті және жыл соңына дейін Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін онлайн саммит жоспарланды.
Қытай еліменде арадағы қатынастар да тұрақты дамып келеді. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Өзбекстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық жүріп жатыр.
Жыл басынан бері 8 айда Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 4 миллиард долларға, ал Оңтүстік Кореямен - 1,4 миллиард долларға жетті. Осы елдер Өзбекстанның ең ірі инвесторлары болып, соңғы үш жылда Қытайдан 3,9 миллиард доллар, Оңтүстік Кореядан 850 миллион доллар инвестиция тартылған. Алайда, кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру кешеуілдеуде.
Бүгінгі жиында Президент осы елдермен ынтымақтастық бойынша көптеген мүмкіндіктер бар екенін, алайда қазіргі нәтижелер жеткіліксіз екенін айтып, «жол карталарының» орындалуын және жүйелі жұмыстың жоқтығын қатты сынға алды.
Өйткені биыл кейбір салаларда экспорт төмендеген. Атап айтқанда, соңғы сегіз айда Қытайға тоқыма өнімдерін жеткізу 42,3%, химия және мұнай-химия салалары - 33,1%, ауылшаруашылық өнімдері - 18,1% азайған. Дәл осы кезеңде Оңтүстік Кореяға экспорттау Сұрхандария, Бұқара және Қашқадария облыстарында кешіктірілді.
Соның негізінде Мемлекет басшысы: Әрбір желінің және аймақтың басшысыөз өнімінің бәсекелестігін арттырып, бағаны түсіруі және оны сыртқы нарыққа шығару бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеп, осы мәселелерді үнемі шешіп отыруы керек, - деді.
Кездесуде Қытай мен Корея арасындағы кешеуілдер тұрған инвестициялық жобалар салалар мен аймақтар бойынша сыни тұрғыдан талқыланып, жоспардан кешіктірілген немесе тоқтап қалған жобаларды терең талдау оларды жеделдету мен іске қосудың шаралары анықтады. Сонымен бірге, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне Қытай мен Оңтүстік Кореяның тікелей инвестицияларын тартуға бағытталған жаңа жобаларды тұжырымдау қажет екендігі айтылды.

