English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Бұхара облысында халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша танстырылымға қатысты
22:10 / 2023-09-06

Президент Шавкат Мирзиёев Бұхара облысында халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстардың танстырылымына қатысты.

Мемлекет басшысы өңірлерге жасаған сапарларында жұмыссыздық мәселесіне назар аударып, оны азайтуды басты міндет етіп қойады. Осыған байланысты барлық өңірлерде мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Қазір Бұхара облысында 1 миллионнан астам еңбекке жарамды халық болса, оның 76 мыңы жұмыссыз. Жыл сайын 37 мыңға жуық жас еңбек нарығына келеді. Осының барлығын ескере отырып, 2023-2025 жылдары Бұхара өңірін халқы толық жұмыспен қамтылған өңірге айналдыру көзделген.

Бұл үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Мысалы, мақта-тоқыма және астық кластерлері. Бұхарада мұндай 11 ұйым бар  және олар тарапынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында 94 мың, оның ішінде үй шаруашылығын дамыту есебінен 19 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Жұмыссыздық деңгейі жоғары 98 елді мекенде өнеркәсіп, қолөнер, мал шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларында 57 шағын орталық, шағын тігін цехтарын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ биыл 15 мың гектар егістік алқапты қайта пайдалануға беру мүмкіндігі де бар. Бұл жерлер халыққа жаңадан шаруа қожалықтарын құруға ашық электронды конкурс негізінде ұсынылады. Сондай-ақ, мемлекеттік активтерді аукционға шығару және олардың негізінде жұмыс орындарын көбейту бойынша ұсыныстар жасалды.

Жалпы, осы шаралардың нәтижесінде биыл 250 мың жұмыс орны ашылуы, 2023-2025 жылдар аралығында Бұхара облысының халқы толық жұмыспен қамтылған өңірге айналатыны айтылды.

Презентацияда Үндістанмен бірлесіп, Қаракөл ауданында ІТ кластер құру жобасы туралы да ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды мақұлдап, қосымша тапсырмалар берді.