English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс әскери институтында болды
20:35 / 2019-12-26


Өзбекстан Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияев 26 желтоқсанда Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс әскери институты мен Ташкент облысының Зәңгіата ауданындағы әскери бөлімге барды.

2019 жылда Президенттің арнай тапсырмасына орай Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс әскери институты мен әскери бөлім қайта құрылып, заманауи әскери қалашық салынды.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы мұндағы жасалған қолайлықтар мен оқу-тәрбие үрдісі, оқытудың заманауи құралдары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқу процесіне қаншалықты енгізілгенімен танысты.



Бұл әскери институт қазіргі күнде алты бағыт бойынша офицер кадрларды дайындайды. Мұнда 10 кафедра және кәсіби қызметті жетілдіру факультеті жұмыс істеп, зертханалар заманауи құрылғылармен жабдықталған. 700 адамға арналған асхана мен спорттың 14 түрімен айналысуға арналған жаттығу құралдарымен қамтылған зал бар. Атаулы институт өз курсанттарын техникалық бағыт бойынша оқытатын университеттердің ең дарынды студенттері арасынан таңдап алады.

Президенттің сапары барысында әскери қызметкерлер, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ғылым академиясының өкілдері және жетекші техникалық университеттердің ректорларымен сұхбат болып, онда әскери білім беруді дамытудың, әскери мамандарды іріктеудің және даярлаудың кешенді жүйесін құру бойынша ынтымақтастықтың келесі бағыттары анықталды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.