McKinsey компаниясы 1400 қызметкерін жұмыстан шығарады
Америкалық McKinsey & Co консалтингтік компаниясы қызметкерлерді ауқымды қысқартуды жоспарлап отыр.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы компанияның хабарламасында егжей-тегжейлі мәліметтер көрсетілмеген. Деседе босатылатындар саны шамамен 1,4 мың қызметкерді құрайтынын хабарланған.
McKinsey компаниясында қазірде 47 000-ға жуық адамды жұмыс істейді. Бұл бес жыл бұрынғыдан 28 000 адамға көп.
Еске салар болсақ, жыл басынан бері Американың бірнеше ірі компаниялары экономикалық дағдарысқа байланысты өз жұмысшыларын босатып жатыр.