Мбаппе Еуропаның ең үздік футболшысы атанды

«Пари Сен-Жермен» клубы және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) шешімімен 2022 жылғы Еуропаның үздік ойыншысы атанды.
Өткен жылы Мбаппе «ПСЖ» клубымен бірге чемпиондық және Франция суперкубогын жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында шабуылшы Қатарда өткен әлем чемпионатында финалға дейін жеткен еді.
Мбаппе ПСЖ-ға 2018 жылы Монакодан келген. Бұған дейін шабуылшы IFFHS 2022 жылғы Еуропаның ең үздік ойыншыларының командасына енгізілген.