Мароккода маймыл шешегін жұқтырған жағдай тіркелді
12 қыркүйек күні Мароккода маймыл шешегінің (M-pox) алғашқы жағдайы расталды.
The North African Post басылымның мәліметінше, инфекция анықталған адамға Марракештегі медициналық орталықтардың бірінде қажетті көмек көрсетілген және ол қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Науқастың денсаулығы тұрақты деп бағаланған.
Ресми органдар вирустың таралуын болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға қолдарын жиі жуып, науқастармен тікелей байланыста болмауға және жеке гигиена ережелерін сақтауға шақырған.