Лондонда «Өзбекстан мәдениетінің фестивалі» өтеді

Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, туризм мен мәдени алмасуды дамыту маңызды.
Осы мақсатта Өзбекстан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі «Ошпаз» командасы және Өзбекстанның Ұлыбританиядағы елшілігімен бірлесіп, биыл 17-18 маусымда Еуропада тұңғыш рет ауқымды «Өзбек мәдениеті фестивалін» өткізеді және осы фестиваль аясында «Өзбекстан мәдениет күндері» де өтеді.
Бұл фестиваль өзбек өнері, мәдениеті, салт-дәстүрімен танысу, құндылықтарды кеңінен насихаттау, өзара дипломатиялық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және шетелдік туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, фестиваль Лондонның символы саналатын атақты Tower Bridge жанында, Темза өзенінің жағасындағы Поттерс Филдс саябағында өтеді.