
Америкалық FSG компаниясы АПЛ-дің «Ливерпуль» клубын сатылымға шығарды.
The Athletic басылымының хабарлауынша, клубқа иелік ететін Fenway Sports Group «қызылдар» үшін ұсыныстарды қарастыруға дайын. Компания клубты сатып алуға мүдделі инвесторларға жіберу үшін презентация дайындап қойған. Клубты сатуға Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері көмектеседі.
Басылымның мәліметінше, иелері команданың үй стадионы Энфилдті қайта құру мен жаңғыртуға жалпы сомасы 218 миллион доллар инвестициялаған, сонымен қатар Кирбиде 57,4 миллион долларға жаңа жаттығу алаңын салған.
Айта кетейік, Fenway Sports Group 2010 жылдан бері «Ливерпульге» иелік етеді. Команда осы компанияның иелігінде 30 жыл ішінде алғаш рет АПЛ чемпионы және Еуропа чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
АПЛ-дің 13-тур қорытындысы бойынша «Ливерпуль» 19 ұпаймен 13 орында келе жатыр.