English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ливанда 70-ке жуық тұтқын түрмеден қашып кетті
19:49 / 2020-11-21

21 қарашада Ливанның Баабда қаласының маңында орналасқан Әділет сарайының жанындағы тергеу изоляторынан 69 тұтқын қашып кетті.

ТАСС порталының хабарлауынша, құқық бұзушылар камераларындағы есіктерді қиратып, күзетшілерді байлап, қалаға қашып шыққан. Осы жағдайдан кейін Ливанның қауіпсіздік күштері шұғыл түрде Баабда қаласынан шығатын бірнеше магистральді жауып тастап, іздеу жұмыстарын бастаған. Нәтижеде қазірге дейін 15 қашқын қолға түсіп түрмеге қайтарылған. Оның төртеуі өз еркімен қайтып келген. 

Ал полиция қазіргі кезде қалған 44 қашқынды іздестіру жұмыстарын алып баруда.