LG компаниясы жаңа оралмалы ноутбукты патенттеді

Оңтүстік Кореяның LG компаниясы жаңа оралмалы экранды ноутбукты патенттеді.
Жаңа технологияның сипаттамасына сәйкес, ноутбук оралатын және икемді экранмен жабдықталған. Трансформация электр қозғалтқышпен басқарылады. Құрылғының пернетақтасы сонымен қатар жиналмалы дизайнға ие.
Ноутбук 13,3 - 17 дюймдік оралатын дисплеймен жабдықталған болып, бұл қазіргі нарықтағы көптеген ықшам ноутбуктардан ерекшелігі жылжымалы веб-камера және жанында қуат түймесі бар болғандығында.

Мұндай ноутбуктың нарыққа қашан және қандай бағада шығуы әзірге белгісіз, өйткені технология енді ғана паттен алған. Бірақ LG компаниясының концепциялық құрылғыларды шығарудағы кезеңіне назар аударсақ оралмалы ноутбукта көп ұзамай тұтынушыға жетуі мүмкін.
LG компаниясы осы жылдың басында экраны оралушы теледидарды жасаған болатын