English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі «үздік креативті» қалалар жарияланды
13:30 / 2020-10-25

Әлемдегі ең шығармашыл қалалардың рейтингі бойынша Париж, Барселона және Дублин шаһарлары көш бастап тұр


Әлемдегі ең шығармашыл қалалардың рейтингі бойынша Париж, Барселона және Дублин шаһарлары көш бастап тұр.

«EuroPuls» басылымының Infiki қызметінің зерттеуіне сай жасаған хабарында айтылуынша, бұл рейтинг құрамында жалпы 75 қала бар болып, үздік ТОП-5 қала тізіміне Лондон мен Тель-Авив те енген.

Мұндағы тізімге енген қалалар 9 критерий бойынша бағаланды, оның ішінде инстаграмға жарияланған стрит-арт фотосуреттерінің саны, арт-галереялар, мұражайлар, музыка және стенд-ап клубтарының көптігі бағаланған.

Барлық талаптар бойынша рейтингтің көшбасшысы ретінде Париждің басқа қалаларға қарағанда мүсіндер мен ескерткіштердің, музыкалық клубтардың, театрлардың және стрит-арт нысандарының суреттерімен бай екендігі жоғары бағаланған. Ал, Барселонада ең көп мұражай нысандары бар болса, Дублинде ең көп стенд-клуб бар екен.