English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең сенімді автокөліктер анықталды
15:53 / 2020-11-25

Американдық «Consumer Reports» журналының сарапшылары әлемдегі ең сенімді автокөліктер шығаратын брендтердің рейтингін жасады. Онда Азиялық теміртұлпар үздік деп табылған.

330 мың жүргізушілер арасында өткен сауалнамаға сәйкес, әлемдегі ең сенімді теміртұлпар жапондық бренд «Mazda» компаниясы шығарған көліктері екені белгілі болды. Онда осы компанияға тиесілі көліктер мүмкін болған 100 баллдан 83 ұпай жинаған. Сарапшылардың пікірінше, ең сенімді модельдер: «MX-5 Miata», «CX-30» және «CX-3».

Рейтингтің екінші сатысында тағы бір жапондық бренд, «Toyota» маркасы орын алған болып, ол сауалнама бойынша 74 ұпай жинады. Әлемдегі ең көп сатылымға ие автокөлік маркасының үздіктері қатарында: «Prius», «Corolla» және «Prius Prime» модельдері бар.  

Үшінші орында Жапония өніміне нәсіп еткен, «Lexus» (71 ұпай). Бұл брендтің ең жақсы модельдері ретінде «UX», «NX» және «GX» таңдалған.

Сапаршылар жасаған ТОП-10 тізім қатарында «Buick», «Honda», «Hyundai», «Ram», «Subaru», «Porsche», «Dodge» маркалы автокөлік брендтері бар.