English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең қымбат ойыншылардың рейтингі жарияланды
12:27 / 2023-01-06

Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) трансфер құны ең жоғары ойыншылардың рейтингін жасады.

CIES рейтингі бойынша бірінші орынды «Боруссия Дортмунд» клубы және Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем иеленді. Оның трансферлік құны 208,2 миллион еуроға бағаланған.

Екінші орында «Манчестер Сити» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Фил Фоден (200,5 миллион еуро), үздік үштікті «ПСЖ» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе (190,7 миллион еуро) қорытындылаған.

CIES рейтингі бойынша ТОП-10 ойыншы:

  • Джуд Беллингем («Боруссия Дортмунд») — 208,2 миллион еуро;
  • Фил Фоден («Манчестер Сити») – 200,5 миллион еуро;
  • Килиан Мбаппе («ПСЖ») — 90,7 миллион еуро;
  • Винисиус Джуниор («Реал») – 190,5 миллион еуро;
  • Эрлинг Холланд («Манчестер Сити») — 174,9 миллион еуро;
  • Педри («Барселона») — 170,2 миллион еуро;
  • Гави («Барселона») – 147,6 миллион еуро;
  • Жамал Мусиала («Бавария») — 145,1 миллион еуро;
  • Йошко Гвардиол («Лейпциг») — 125,8 миллион еуро;
  • Федерико Вальверде («Реал») — 123,5 миллион еуро.