
Әлемдегі ең қымбат бетперде 1,5 млн доллар тұрады. Ол Лос-Анжелесте өмір сүретін қытайлық кәсіпкерге тиесілі.
«Forbes» басылымыныі мәліметінше, қымбат бағалы әсем гауһар тастан әзірленген бұл масканы Израильдің «Yvel» зергерлік компаниясы жасаған. Ол 250 грамм 18 караттық алтыннан және жалпы салмағы 210 карат болатын 3608 табиғи ақ-қара гауһармен безендірілген. Оның жалпы құны 1,5 миллион долларды құрайды.

Масканы Лос-Анджелестегі қытайлық кәсіпкердің тапсырысы бойынша израильдік Yvel зергерлік компаниясы жасаған. Тапсырыс берушінің кім екені белгісіз бірақ оның коллекционер екендігі белгілі болып, оның масканы жасауда - бетперде жоғары деңгейде қорғанышты және зиянды бөлшектер өткізбейтін болуы керектігін айтқан.
Компанияның негізін қалаушы Исаак Леви тапсырыс беруші оның бұрыннан келе жатқан клиенті екенін айтып, оның кезекті тапсырысы «өте күшті резонанс оятатындай» болуы керектігін айтқан. Сондықтан Леви оған ең жақсы деген 25 шебер мен алмаз ұстасын жалдап әлемдегі ең қымбат қорғаныс маскасы бойынша үш ай жұмыс жасаған.
