Әлемдегі ең қарт әйел 118 жасында қайтыс болды

118 жастағы француз Люсил Рандон сейсенбі, 17 қаңтарда қайтыс болды. Ол Жер панетасындағы ең қарт әйел еді.
AFP порталының хабарлауынша, Люсил Рандон 1904 жылы 11 ақпанда Францияның оңтүстігінде дүниеге келген. Ол екі дүниежүзілік соғыстан, испан тұмауының пандемиясынан және COVID-19-дан аман қалды. Ол тіпті 2021 жылы коронавирусты жұқтырған, бірақ жеңіл түрімен ауырып, ковидтен айыққан ең қарт адам рекордын орнатқан.
Кейіегі жылдары Люсил Рандонның көру қабілеті нашарлап, мүгедектер арбасына таңылған. Бірақ ол 108 жасқа дейін монастырда жұмыс істеген. Рандонның өлімінен кейін Мария Браниас Морера есімді әйел әлемдегі ең қарт адам болды. Испандық әйел 1907 жылы 4 наурызда дүниеге келген, қазір ол 115 жаста.