Әлем чемпионатының кубогы Өзбекстанға әкелінеді

Футболдан Әлем чемпионатының кубогы 2022 жылдың 6 маусымы күні Өзбекстанға әкелінеді.
UFA ресми мәліметінше, жыл соңында Қатар елінде өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында әлем кубогы жаһанның 51 елін аралайды. Олардың қатарында Өзбекстанда бар.
2022 жылдың өзбек футболы үшін маңызы зор болмақ. Себебі, талай жанкүйерді шабыттандырып, қуанышқа бөлеген футболдың Өзбекстанда биыл 110 жылдығы атап өтілуде.
Әлем кубогы 6 маусымда Ташкентке әкелінеді. Кубок презентациясында әлем чемпиондары франциялық Кристиан Карамбио мен испаниялық Карлес Пуйоль келеді деп күтілуде.