Коронавирус: Өткен тәулікте елдің төрт аймағынан 14 инфекция жұқтырғандар тіркелді

Өзбекстанда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны азайып, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.
Соның бір дәлелі ретінде кеше елдің төрт аймағынан 14 инфекция жұқтырғандар анықталған.
«2022 жылдың 9 наурыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 237 059 (+14) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Науаи (1 адам), Сұрхандария облыстарында (5 адам) және Ташкент қаласында (6 адам) тіркелген.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 адамға пневмония диагнозы қойылған. Сондай-ақ, 75 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 234 360-қа жеткені айтылады.
Осылайша қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 98 пайызды құрауда.